01 қыркүйек 2016 15:10

Алматыда балабақша қақпасын соққан "Лада" жүргізушісі оқушыны қағып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда "Лада" жүргізушісі балабақша қақпасын соқпастан бұрын мектепке бара жатқан оқушыны қағып кеткен. Зардап шеккен Радион Адиловтың анасы ұлының жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қазіргі уақытта анасы баласымен бірге № 1 балалар ауруханасында жатыр.


Алматыда "Лада" жүргізушісі балабақша қақпасын соқпастан бұрын мектепке бара жатқан оқушыны қағып кеткен. Зардап шеккен Радион Адиловтың анасы ұлының жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қазіргі уақытта анасы баласымен бірге № 1 балалар ауруханасында жатыр.

"Бізді ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізді. Қазір дәрігерлер басын рентгенге түсіреді. Себебі ұлым бірнеше метрге ұшып кетіп, жол жиегіне басымен құлап түсті. Қазір кішкене жүрегі айнып тұр, ауыр жарақат алмаған сияқты. Мен жүргізушінің баламды қағып кеткен соң тіпті тоқтамағанына ашулымын...ол көмектескен де жоқ. Оған бөтен әже мен ата тоқтап көмектесті. Оларға рақмет айтамын. Олар жедел жәрдем шақырмақшы болған екен, бірақ ұлым ол көмектен бас тартып, мектепте өтіп жатқан іс-шараға барып, сабаққа да қатысқан, - дейді баланың анасы Олеся. - Кейін ол үйге келіп "Мені көлік қағып кетті" деп айтты. Менің жүргізушіге айтар шағымым бар. Неге ол ұлымды ауруханаға апарудың орнына оқиға болған жерден кетіп қалды?", - деді оқушының анасы.

Сондай-ақ, Радион Адиловпен бірге мектепке бара жатқан сыныптасы бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді. Айта кетейік, Радион Адилов - Алматыдағы № 4 гимназияның жетінші сынып оқушысы. "Лада" жүргізушісі мектеп оқушысын Андреевский мен Жангелдин көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқанда қағып кеткен. "Біз жолдан өтіп бара жаттық. Радион алдымда келе жатты. Енді бір қадам алға жасап еді, оны көлік қақты да кетті. Ол үш метрге ұшып кетіп, басымен жол жиегіне құлап түсті. Содан бізге әже мен ата көмекке келді. Бірақ біз ауруханаға бармадық. Радион мектепке бара берейік деп айтты. Дегенмен мектепте Радион әрең жүрді, басы ауырды. Кейіннен біз үйге қайттық, сонда жедел жәрдемді шақырдық", - деді Радионның сыныптасы.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасынан кейін "Лада" жүргізушісі балабақшаның қақпасын соққан. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети