01 қыркүйек 2016 15:53

Дәрігерлер "Лада" жүргізушісі қағып кеткен мектеп оқушысының жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда балалар жедел жәрдем орталығының дәрігерлері бүгін "Лада" жүргізушісі қағып кеткен мектеп оқушысының жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Николай Дьяченконың айтуынша, 13 жастағы бала ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

"Біз баланы тексердік. Баланың миы шайқалған. Қазір біз оны стационарлық ем алуға жібереміз. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деді Николай Дьяченко. Дәрігерлердің айтуынша, стационарлық ем шамамен 5-7 күнге созылады. Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске салайық, бүгін Алматыда балабақша қақпасын соққан "Лада" жүргізушісі оқушыны қағып кеткен болатын. "Лада" жүргізушісі мектеп оқушысын Андреевский мен Жангелдин көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқанда қағып кеткен.

Айта кетейік, Алматыдағы полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети