24 сәуір 2024 12:14

"Ол сондай, адам төзгісіз" - көріпкел Бишімбаев туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні ол кеңес сұраған көріпкелден жауап алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні ол кеңес сұраған көріпкелден жауап алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көріпкел таролог екенін, Бишімбаев түрлі мәселелер бойынша жиі жүгінетінін айтты. Әйелдің айтуынша, Салтанат қайтыс болған күні ол Бишімбаевқа жедел жәрдем шақыруды бірнеше рет айтқан. Прокурор хат алмасу кезінде Бишімбаевтың: "онда (Нүкенова – еск.) бәрі жақсы ма?" деген сұрағына куәгер: "Ол таңға дейін ұйықтайды", - деп жауап бергенін оқыды.

"Мен оған үнемі: "Жедел жәрдем шақыр, дәрігерге барыңдар" - дедім. Ол мас, бірнеше рет қоңырау шалды, мен телефонды алмадым. Ол: "Айтыңызшы, онда бәрі жақсы екенін жазыңыз" дейді. Ол сондай, адам төзгісіз", - деді куәгер.

Сонымен қатар, ол оқиға болған күн туралы айтты.

"Ол хабарласты. Нақты уақыты есімде жоқ. Менің қолым бос емес еді. Бірақ тұтқаны көтердім. Ол "Салтанат екеуміз қатты мас болып, төбелестік" деді. Бұл шамамен түстен кейінгі уақыт еді. 15.00-16.00 еді. Оның ішімдік ішкені байқалып тұрды. Қатты мән бермедім. Ол "қарап беріңізші" деді. Мен "дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр" дедім. Ол "қайта-қайта қарап көріңізші" деді. Өте қысқа әңгіме болды. 30 секундтай. ..."Кеше қатты ішіп, қатты төбелестік" деді. "Мен не істейін?" дедім. Дауысы күндегідей емес еді, әр сөзін таңдап айтты. Мен "жедел жәрдемге хабарлас" дедім", - дейді куәгер.

Сонымен қатар, көріпкелдің сөзінше, Бишімбаев Салтанаттың ұйықтап жатқанын, қорылдап жатқанын айтқан. Сондай-ақ, қозғалмайтынын, тұрмайтынын, ештеңе ішіп-жемегенін жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети