Қызылордада егін алқабына дән себілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу рәсіміне қатысты. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ерәлиев, Имамзада Шағыртаев келді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу рәсіміне қатысты. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ерәлиев, Имамзада Шағыртаев келді.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен бірге егіс алқабына дән сеуіп, ел қамбасының астыққа толуына, шаруа еңбегінің нәтижелі болуына тілектестік білдірді. Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникаларының, тыңайтқыштар мен су үнемдеу технологияларының көрмесімен танысты.

Дән себу рәсімі Н. Ілиясов ауылының егіс алқабында өткен "Дала күні" семинар-кеңесімен жалғасты.

Айта кетейік, биыл өңірде 187,5 мың гектарға егін, оның ішінде 78,3 мың гектарға күріш егу жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 5,8 мың гектарға, ал күріш көлемі 10,8 мың гектарға тұрақтандырылып, суды аз қажет ететін малазықтық, майлы дақылдар мен картоп, көкөніс көлемін арттыру көзделуде.

Аймақта көктемгі дала жұмыстары агротехникалық талаптарға сай мерзімінде жүргізілуде. Қазір 32,2 мың гектар жерге ерте егілетін дақылдар орналастырылды. Кей шаруашылықтар күріш егу мен суға бастыруға 15 сәуірден ішінара кіріскен, бүгін науқан жаппай басталды.

Қажетті тұқымы қоры толық, 63,6 мың тонна тыңайтқыштың 59,7 мың тоннасы әкелінген, қалғаны қажеттілікке сәйкес алынуда.

Сондай-ақ, 3 799 ауыл шаруашылығы техникасы толығымен жөндеуден өткізіліп, егін егуге қатысуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа Үкімет тарапынан арзандатылған бағамен 12,9 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Шаруашылықтарға егін егуге 26,7 млрд. теңге керек болса, бүгінгі күнге 25,6 млрд. теңгесі қаржыландырылды.

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer