25 желтоқсан 2014 11:17

Алматыда Орталық стадион аялдамасындағы дәмханада жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда аялдамада орналасқан дәмханалардың бірінде жарылыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Алматыда аялдамада орналасқан дәмханалардың бірінде жарылыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Төтенше оқиға 25 желтоқсан күні 00.30 шамасында Абай даңғылының Шагабутдинов көшесіне жақын тұсында - Орталық стадионға қарама-қарсы аялдамада болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа дәмханадағы қақпақты пеш ішіне жиналып қалған газ себеп болған, газ баллонының жарылғаны нақтыланып отыр. Оқиға салдарынан дәмханада болған бір әйел күйіп қалды. 

 

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда сән және дизайн колледжінде алғашқы әскери дайындық сабағы үстінде әскери граната жарылған болатын. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз қайтыс болып, 14 адам түрлі жарақат алды. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети