24 қараша 2018 10:03

Алматыда ота жасатпақшы болған әйелдің жүрегі тоқтап қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматыда жатырына ота жасатпақ болған келіншектің жүрегі тоқтап қалды, - деп хабарлады КТК.


Алматыда жатырына ота жасатпақ болған келіншектің жүрегі тоқтап қалды, - деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, Алматыда жекеменшік перзентханада көз жұмған жас ананың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді құзырлы орындар емдеу мекемесінде тексеру жүргізбекші. Айта кетейік, жатырына ота жасамақ болған 24 жастағы Ақбота Жалмұратова наркоздан кейін жүрегі тоқтап, бақилық болды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы марқұмның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп дейді. Ал, емдеу мекемесінің басшылары комиссияның тексерісі аяқталмайынша жауап беруден түбегейлі бас тартты.

Үш ай бұрын босанып, екінші нәрестесін бауырына басқан Ақбота Жалмұратованың қазасы туыстарының қабырғасын қайыстырды. Кеше кішкентай cәбиін көршісіне қалдырып, жас ана жатырына ота жасауға кетіпті. Осыған дейін қаралғанда жекеменшік перзентхананың дәрігерлері бұл жеңіл операция, бар болғаны 15 минутқа созылады деп келіншектен 271 мың теңге алған. Алайда наркоз салынған Ақбота Жалмұратова сол күйі оянбай, жүрегі соғуын тоқтатқан.

"Үш айлық баласы бар. Бір жастағы тағы баласы бар. Сап-сау. Еш жері ауырмаған жұлдыз еді ғой", - деді Жалмұратованың әпкесі Феруза Байболаева

Қайғыдан қан жұтқан отбасы жақындарының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Емдеу мекемесінің қызметкерлері ләм-мим демей өлі денені алып шығуы, туыстарының көңілдеріне күдік ұялатқан.

"Дәрігерлердің не салғанын білмейміз. Өздерінен сұрадық. Ешкім жауап бермейді. Біз қызымызды қайтара алмаймыз. Бірақ дәрігерлердің жазасын алуын қалаймыз", - деді Жалмұратованың ағасы Абзалхан Байболаев.

Қайғылы оқиға болған қаланың қақ ортасындағы жекеменшік перзентхананың қызметкерлері түсірілім тобымызды кіре берістен ары өткізбеді. Ал бас дәрігер ақ халатын шешіп, тергеу жұмыстарымен жүрген сыңайлы. Полиция қызметкерлері адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Ал қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы дауға іліккен жекеменшік медициналық мекемені тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтаймыз дейді.

"Тексеру барысында перзентханадан кемшіліктер табылса, оны лицезиясынан айырамыз. Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жауапқа тартып, осы саладан аластатамыз. Басшысы да жауап беруі тиіс. Ешкім жазасыз қалмайды", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

"Жекеменшік перзентхананың басшылары қара жамылған отбасыға көңіл айтпақ түгілі, қандай да бір түсініктеме беруге үзілді-кесілді қарсы болды. Артында екі баласы қалған Ақбота Жалмұратованың өліміне дәрігердің кінәсі бар-жоғы енді сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Соған қармастан, ақ халаттыларды кінәлі деп санайтын марқұмның туыстары Прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазбақшы", - деп хабарлады телеарна тілшісі.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети