Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті Фото: madeniet__aqparat__ministrligi

Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Ведомство "әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байласты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтты".

"Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті", - деп жазды ведоство өкілдері.

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. "Отырар дастаны", "Жігерлендіру", "Шың басындағы оқиға", "Эверестке шығу", "Ғашықтық ғаламаты" секілді өлеңдердің авторы. "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" әндерін жазған. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.35   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер