13 желтоқсан 2022 14:33

Алматыда "полицей" төбелес шығарғаны туралы видео таралды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

t.me/kozachkow/ видео кадры

Алматыда полиция қызметкері қаладағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінің МИҚ төрағасына шабуыл жасады делінген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция қызметкері қаладағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінің МИҚ төрағасына шабуыл жасады делінген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kozachkov offside Telegram-арнасында екі адам арасындағы төбелес түсірілген видео жарияланды. Жазба сипаттамасында оқиға Mega Towers тұрғын үй кешенінің МИҚ (меншік иелерінің қауымдастығы) ғимаратында болғаны туралы хабарланған.

"МИҚ төрағасымен төбелескен қара киімді ер адам - Алматы Полиция департаменті ЖҚБ (жеке қауіпсіздік басқармасы - еск.) қызметкері Рауан. Ол тұрғындардың күнделікті жалға берілетін екі пәтерге қатысты шағымдарын шешуге келген.

Олар полицейдікі ме, білмеймін. Бірақ тұрғындар бұл пәтерлерде шу шығып, жанжал болатынын, бірақ полицейлер сигналдарға мүлдем әрекет етпейтінін айтады. Сосын Рауан келді", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, төбелеске себепкер олардың қызметкері емес екенін мәлімдеді.

"Видеодағы адамның Алматы ПД ЖҚБ және ІІМ ЖҚД-ға еш қатысы жоқ. Оның ішкі істер органдарына тиесілігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Осы ретте электрон ресурс арқылы төбелес дерегі туралы арыз полицияға 12 желтоқсанда түскенін хабарлаймыз. Факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Кейінірек Telegram-дағы Kozachkov offside-арнасында төбелестің тағы бір видеосы жарияланды.

Сондай-ақ, Алматы ПД ЖҚБ Рауан есімді бір ғана қызметкер бар екенін хабарлады. Алайда Mega Towers-те МИҚ төрағасымен төбелескен ол емес. МҚИ қызметкерлері оны танымаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети