26 наурыз 2016 23:15

Алматыдағы сауда орталығында ұры делінген ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы MegaPark сауда және ойын-сауық орталығында ұры делінген ер адамды ұстау сәті бейнеленген видео келіп түсті.


Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы MegaPark сауда және ойын-сауық орталығында ұры делінген ер адамды ұстау сәті бейнеленген видео келіп түсті.

Куәгердің айтуынша, оқиға 26 наурызда кешкі уақытта болған. Кадрлардан жігіттің еденде жатқанын көруге болады. Оның маңында қара киімді бірнеше адам және мекеменің күзетшілері тұр, жерде жатқан адам екі қолымен бетін жабады. Бір қарағанда кадрларда төбелес болып жатқанға ұқсайды.  

Ал Mega сауда және ойын-сауық орталығының байланыс департаментінің директоры Дарья Бублик оқиғаның 20.30-да болғанын айтты. "Видеода еденде жатқан жігіт зат ұрлады делінген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бірнеше зат ұрлап, адамдар одан сезіктенгенде қаша жөнелген. Қонақтардың бірі оны шалып қалған. Кейін оны қауіпсіздік қызметі ұстады. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Ұсталған жігіт полицияға өткізілді", - деді ол. Оның мәліметінше, ұсталған ер адам 1990 жылғы, ол келтірген шығынның көлемі - 40 мың теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети