28 сәуір 2014 14:54

"Эйр Астана" өкілдері ұшақтағы жанжал жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясы 26 сәуір күні ұшақ бортында болған жанжалға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадан Алматыға ұшқалы тұрған ұшақ бортында мас жолаушы төбелес шығара жаздаған. Жолаушылар шағым жасағанымен жолаушы рейстен түсірілмеген.

"Эйр Астана" өкілдері Астана әуежайының жердегі қызметі мен рейс экипажының әрекетін заңды деп есептейді. "Компанияның авиациялық қауіпсіздік қызметі алкогольден мас болған жолаушыға қону алдында борттағы жүріп-тұру тәртібі туралы ескерткен. Жердегі қызмет агенті өз кезегінде әуе көлігі командирі мен бортсеріктер бригадасына мас жолаушы туралы хабарлады, бұдан соң аға бортсерік жолаушыға жүріп-тұру ережелерін тағы түсіндірген. Қауіпсіздік мақсатында жолаушы эконом-кластың соңғы қатарына отырғызылды. Ұшу кезінде оны бортсеріктер бақылауына алды. Басқа жолаушылар тарапынан шағым болған жоқ", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Дегенмен компания Қазақстан заңдары мен тасымалдаушы рәсімдеріне сәйкес, егер алкогольден мас жолаушы өз денсаулығына немесе борттағы адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірердей болса, оны тасымалдаудан бас тартылатынын атап өтті.

Бұған дейін әуе компаниясының отағасының тәртіпсіздігіне байланысты бір отбасыны рейске отырғызудан бас тартқаны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети