16 сәуір 2021 22:12

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде Балқаш қаласының оқу авиациялық орталығына қону сәтінде СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш апатқа ұшырағанын хабарлады.

"Ұшақ экипажы катапульталанды. Ұшқыштар тірі және медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы ұшақ құлаған жерге жіберілді", - деді департамент.

Бортта екі экипаж мүшесі болғаны, олар аман екені айтылады. Ұшқыштардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.

2017 жылы желтоқсанда заманауи жаңа Су-30 СМ жойғыш ұшақтары Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығы аясында елге жеткізілген болатын.

Айта кетейік, тура бір жыл бұрын Қарағанды облысында Қорғаныс министрлігінің тағы бір ұшағы құлаған еді. Ол кезде МиГ-31 апатқа ұшыраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети