26 қазан 2015 15:54

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© report.az © report.az

Магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 15,2, тереңдігі - 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте - 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 126 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулері 19 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.21-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөл жағалауынан оңтүстік-батысқа жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,2, тереңдігі - 15 шақырым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети