07 тамыз 2015 09:49

ҚР СІМ Түркиядағы ірі жол апатына түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sondakika.com © sondakika.com

ҚР СІМ Түркиядағы ірі жол апатына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ Түркиядағы ірі жол апатына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында Түркияда жол апатына ұшыраған автобуста болған қазақстандық жеті азаматтың аты-жөндері жазылған. Олар: Тұрғанбекова Шолпан (22.08.1989), Тұрғанбекова Тоғжан, (25.04.1993), Тлеубаева Айдын (14.07.1999), Тлеубаев Азамат (25.05.1992), Тлеубаева Гульнара (04.01.1966), Цолоева Зарина, (05.11.1993), Аида Сарабаева (21.09.1996). 

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, 19 жастағы Аида Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Аида Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталып жатыр.

© internethaber.com

Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр, автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Біздің азаматтарымызға қатысты жағдай ҚР Түркиядаға Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған. Консулдық бөлім қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан. ҚР Денизли қаласындағы Құрметті консулы қажетті жедел көмек көрсетуде. Жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда Министрлік қосымша хабарлайтын болады", - делінген хабарламада.

© hurriyet.com.tr

Еске сала кетейік, оқиға Астана уақыты бойынша 19.30-да Түркияның оңтүстік батысындағы Денизли қаласында болды. Автобус Памуккаледен Анталияға жүріп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды. РИА Новости басылымының нақтыланған мәліметінше, автобус Ресейдің, Қазақстанның, Литваның және Беларусьтің азаматтарын тасымалдаған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети