08 шілде 2014 13:19

Семейде үйлену тойына келгендер астан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Семейде үйлену тойына келгендер тамақтан жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.


Семейде үйлену тойына келгендер тамақтан жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 6 шілде күні күндіз "жедел жәрдем" қызметіне астан ұшынған адамдар хабарласа бастаған. Кейін науқастардың бәрінің 4 шілде күні қаладағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойында болғаны анықталды. "Адамдар құсты, олардан уланудың басқа да белгілері байқалды", - дейді басқарма мамандары.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері қазіргі уақытта ішек инфекциясы диагнозымен 40 адамның емделіп жатқанын хабарлады. Олардың алтауы - бала. "Пациенттердің жағдайы тұрақты. Барлық анализге зерттеу жүргізілгеннен кейін науқастар үйлеріне жіберілетін болады", - дейді дәрігерлер. 

Үйлену тойы болған мейрамханаға тағамдарды тапсырыс берушілер әкелген болуы керек. Қазіргі уақытта санитар-эпидемиологтер жаппай уланудың нақты себебін анықтап жатыр. "Олар өз үйлерінде астан ұшынған болуы да мүмкін немесе тойдан алынған өнімдерді үйлеріне әкеліп жеуі де ықтимал", - дейді мамандар.

Еске салайық, былтыр Ақтөбе облысында үйлену тойынан кейін адамдар жаппай уланып қалған болатын. Қарабұтақ елді мекенінде 60-тан астам адам ауруханаға түскен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети