30 тамыз 2015 00:24

Шымкентте бұзақылар ер адамды аяусыз ұрып-соғып, көлікпен басып өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Шымкент қаласында 27 тамызға қараған түні жаға ұстатарлық жағдай болды. Белгісіз бұзақылар 29 жастағы ер адамды аяусыз ұрып-соғып, BMW автомобилімен басып өткен. Бұдан кейін олар оны жолда қалдырып, кетіп қалған. Бұл туралы TVK телеарнасына жәбірленушінің өзі айтып берді.

Өлімші етіп сабағаннан кейін бұзақылар ер адамды жолдың бойында қалдырып кеткен. © tvk-uko.kz

© tvk-uko.kz

© tvk-uko.kz

© tvk-uko.kz

Зардап шеккен азамат жан сақтау бөлімінде жатыр.

 © tvk-uko.kz

"Келіп түскенде науқастың жағдайы ауыр болды. Қосарлас жарақат, бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалған, жамбас сүйегі сынған, зақымданудан есенгіреу деген диагноз қойылды. Жан сақтау бөлімінде науқас барлық қажетті емді қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта оның жағдайы бірқалыпты ауыр, қарқынды терапия жүріп жатыр", - деп мәлімдеді дәрігер Алик Жәңгіров.

Дәрігер Алик Жәңгіров. © tvk-uko.kz

ІІД мәліметінше, болған оқиға дерегіне сәйкес әзірше екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар - "Денсаулыққа ауыр зақым келтіруге әкеліп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" және "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу" баптары. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети