18 маусым 2014 20:50

"Дрим-Тим" нұсқасы бойынша ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Оспина. Фото goal.com сайтынан алынды Давид Оспина. Фото goal.com сайтынан алынды

Vesti.kz спорт сайты  "Дрим-Тим" жобасындағы ойындарға  байланысты ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz


Vesti.kz спорт сайты  "Дрим-Тим" жобасындағы ойындарға  байланысты ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ойында тоғыз ұпай жинаған колумбиялық Давид Оспин үздік голкипер атанды.  Үздік қақпашылар ретінде Юго Льорис (Франция), Ализера Хагиги (Иран), Венсан Эньяма (Нигерия) және Гильерме Очоа (Мексика) танылды. ӘЧ-2014 бірінші турында қақпаға бірде-бір доп жіберген жоқ. 

Сол қапталдағы үздік қорғаушы Пабло Армеро (Колумбия, 17 ұпай). "Ювентуса" қорғаушысы Грекияның құрамасына қарсы ойында өзін тамаша көрсетті. Матчтың ең басында ол гол соқты. Сондай-ақ ол өзінің командаластарына оңтайлы пас беріп отырды. 

Матс Хуммельс (Германия, 18 ұпай ) ӘЧ-2014-тегі үздік орталық қорғаушы деп танылды. Португалияның құрамасына қарсы ойында ол қақпаны өте жақсы қорғай білді және қарсыластарының қақпасына гол соқты. Алайда ең өкініштісі, ойыншы жарақат алып қалғандықтан алаңнан кетуге мәжбүр болды. Онымен бірге осы позицияны  "Дрим-Тим" нұсқасы бойынша Стефан де Врей (Нидерланды, 13 ұпай) бөлісті. Ол Испания құрамасының қақпасына гол соқты. 

ӘЧ-2014 символикалық құрамасының үздік оң қаптал қорғаушысы ретінде Бенедикт Ховедес (Германия, 13 ұпай) ерекшеленді. Ол Португалия командасының ойыншылары Криштиану Роналду мен Луиша Наниге қарсы жақсы ойын көрсетті. Сонымен қатар ол жақсы шабуылдарымен де көзге түсті. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети