05 ақпан 2014 19:09

Тізгінді Лотар Маттеус ұстауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лотар Маттеус. Фото: а fanat.ua Лотар Маттеус. Фото: а fanat.ua

ХХ ғасырдың соңындағы атақты неміс футболшысы Лотар Маттеус футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. Неміс маманы бүгін Қазақстан футбол федерациясының ғимараты маңайында бой көрсеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Маттеус өзінің спорттық ғұмырында немістің "Боруссия", "Бавария", италияның "Интер" және американың "Нью-Йорк" командаларының намысын қорғаған. Ал ұлттық құрама сапында Лотар 1980 жылғы Еуропа біріншілігін және 1990 жылғы Әлем біріншілігінде жеңіске жеткен. Бапкер ретінде бұл маман австриялық "Рапид" және "Ред Булл", сербиялық "Партизан", бразилиялық "Атлетико Паранаэнсе" және израильдік "Маккаби" командаларын жаттықтырса, ұлттық құрама дәрежесінде Болгария құрамасын жаттықтырған. Айта кетейік, ресми түрде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін таныстыру рәсімі 7 ақпан күні Астананың "Rixos President Astana" қонақүйінде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети