Алматыдағы панорамалық көрінісі бар үздік мейрамханалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

@facebook.com/FavorRestaurant @facebook.com/FavorRestaurant

Елестетіңізші, сіз Алматыдасыз және құс ұшар биіктікте кешкі ас ішіп отырсыз. Көз алдыңызда бір жағынан таулардың әсем көрінісі болса, екінші жағынан - түнгі қала шамдары. Ғажап емес пе? Біздің де айтпағымыз сол. Біз сіздерді Алматыдағы панорамалық көрінісі бар ең үздік мейрамханалармен таныстырамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елестетіңізші, сіз Алматыдасыз және құс ұшар биіктікте кешкі ас ішіп отырсыз. Көз алдыңызда бір жағынан таулардың әсем көрінісі болса, екінші жағынан - түнгі қала шамдары. Ғажап емес пе? Біздің де айтпағымыз сол. Біз сіздерді Алматыдағы панорамалық көрінісі бар ең үздік мейрамханалармен таныстырамыз.

Favor City View

Бұл мекеме қаланың жоғарғы жағындағы Тау гиганты деп аталатын ауданда орналасқан. Осы жерден Көктөбе тауы бір жағынан, мегаполистің зәулім ғимараттары екінші жағынан керемет көрініс береді. Жаз мезгілінде сіз шағын фонтаны бар кең терассаларда демаласыз. Мекеме еуропа, жапон және қытай асханасының тағамдарын ұсынады.

"Қаланың әдемі панорамалық көрінісі бар терассалар ұнады! Іс-шаралар мен банкеттер өткізу үшін тамаша орын", - деп қонақтар ризашылықпен пікір қалдырыпты.

Abay

Көктөбе тауының баурайындағы бұл мекемеде қазақтың көптеген ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктен Көктөбе телемұнарасы мен қар басқан тау шыңдарын барлық сән-салтанатымен тамашалай аласыз. Бұл жердің өзі ұлттық бояуды сіңірген. Мекеме қабырғаларында бейнеленген қазақ халқының дәстүрлері: тұсау кесу, қыз ұзату, ұлттық ойын түрлері ерекше көз тартады.

"Дәмді, жоғары сапалы тағамдар мен асқар таулардың, қаланың керемет көрінісінің құнды үйлесімдігі",- деп таңғалыпты келушілер.

Bar Fly

"Қазақстан" қонақүйінің 26-қабатында орналасқан бұл мейрамханада түнгі Алматының керемет көрінісін тамашалай аласыз. Мұнда сіз жанды музыка тыңдап, еуропалық тағамдардан дәм тата аласыз.

"Сіздерге жиі келіп тұрамыз, керемет көрініс, мұнда құрбыларыммен бірге немесе жалғыз өзім уақыт өткізгенді ұнатамын. Интерьер жанға жайлы, контингент әрдайым тыныш, жүйкем демалады",-дейді клиенттер.

SEVEN Bar and Restaurant

Мекеме Алматыдағы ең ірі бизнес-орталық Esentai Tower-дің 28-қабатында орналасқан. Осы жерден сіз Көктөбе бөктерін, "Нұрлы-Тау" БО және басқа да сәулет құрылыстарын көре аласыз. Керемет панорамалық көрініспен үйлескен теңіз өнімдері бар еуропалық асхана сізге естен кетпес әдемі әсер сыйлайды.

"Ғажап атмосфера, күннің батуы немесе таулардың көрінісі, жанды музыка, мінсіз қызмет. Романтикалық кешкі ас үшін тамаша орын".

Primavera

Мейрамхана "Көктем" бизнес-орталығының 13-қабатында орналасқан. Қонақтарға терраса және терезесінен Алматының әдемі көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін зал ұсынылған. Әсіресе, мекемеге келушілер күннің батуын бақылағанды ұнатады, күн таулардың артына жасырынады, содан кейін түнгі мегаполисте алғашқы шамдар жанады.

"Жайлы, оңаша орын. Сөзсіз, мұнда кешкі мезгілде және мүмкіндігінше екеу болып келу керек", - деп өз әсерімен бөлісіпті риза болған қонақ.

SVETLANA MODERN CUISINE

Мекеме Желтоқсан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығының 9-қабатында орналасқан. Мұнда сіз жазғы террассадан керемет көріністі тамашалаумен қатар, Батыс пен Шығыстың асханасының тағамдарынан дәм тата аласыз. Мейрамхана болашақ жарыңызға ұсыныс жасау немесе үйлену тойын өткізу үшін өте қолайлы.

"Керемет орын. Үйлену тойын өте жақсы өткіздік, даяшылар қонақтарға шапшаң қызмет көрсетті, өмір бойына жағымды әсер қалдырды", - дейді келушілер.

INZHU

Бұл мекеме Көктөбе тауында орналасқан және қаланың ең ғажап көрінісін дәл осы жерден тамашалай аласыз. Қонақтар жазғы терассада демалады. Мейрамхана басқалардан жерорта теңізі, сондай-ақ еуропа елдері асханасымен ерекшеленеді. Айтпағымыз, мұндағы бас аспаз ұлы француз рестораторы Огюст Эскофьенің рецепттері мен әдістерін ұстанады. Inzhu-дегі үстелдерді алдын-ала брондау керек екенін ескерген жөн.

"Inzhu-ді үйленуге ұсыныс жасау орны ретінде таңдағаныма ешқашан өкінбегенімді айтқым келеді, барлық қызметкерге жылы қарым-қатынас пен мұқият қызметі үшін көп рахмет!", - деп мейрамхана туралы еске алады жас отбасылардың бірі.

*мейрамханаларды іріктеу restolife.kz сайтындағы пікірлерге сәйкес жүргізілді.