Алматы кәдесыйлары: қайдан сатып алуға болады және сүйікті қаладан естелік болатын қандай заттар алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock.com © Shutterstock.com

Алматы көрікті табиғатымен ғана емес, шығармашылық атмосферасымен де танымал. Мұнда дизайн студиялары, шеберханалар, қолөнершілер мен суретшілердің жәрмеңкелері жиі өтеді. Бұл мақала қаланың шығармашылық рухын сезінгісі келетіндер мен естелік ретінде ұлттық кәдесыйлар сатып алғысы келетіндерге арналады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көрікті табиғатымен ғана емес, шығармашылық атмосферасымен де танымал. Мұнда дизайн студиялары, шеберханалар, қолөнершілер мен суретшілердің жәрмеңкелері жиі өтеді. Бұл мақала қаланың шығармашылық рухын сезінгісі келетіндер мен естелік ретінде ұлттық кәдесыйлар сатып алғысы келетіндерге арналады.

"Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығы

Бұл кешенде түрлі шеберханалар, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және шамамен 800 шаршы метрлік сауда галереясы орналасқан. Орталықта шеберлік сыныптары, көрмелер, түрлі курстар, соның ішінде тегін курстар жиі өткізіледі. Орталықтың шоу-румында киізден, ағаштан, былғарыдан, жібектен, керамикадан жасалған бұйымдар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар қойылған.

Мекенжайы: Нұркент ш/а., 5/11 үй, Атлетикалық ауыл.

Қолөнер жәрмеңкесі

Дәстүрге айналған жәрмеңкені Алматы қолөнер палатасы тұрақты өткізіп тұрады. Жәрмеңкеден Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан шеберлерінің қолөнер бұйымдарын табуға болады. Келген қонақтарға қолөнер шеберлері өз бұйымдарының пайда болу тарихы туралы айтып береді және шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Жәрмеңке кестеге сәйкес белгілі бір күндерде өткізіледі.

Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшелерінің арасында (Аэровокзал бағыты). Жұмыс уақыты: 10.00-18.00.

Sara кәдесый шеберханасы

Sara дүкенінде қолдан жасалған қазақтың ұлттық бұйымдары ұсынылған. Ұлттық колориті бар әдемі кәдесый іздесеңіз, осы жерден табасыз: картиналар, тоқыма бұйымдары, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар. Шеберхана қолдан жасалған нағыз сандықтарымен мақтанады.

Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 10. Жұмыс уақыты: 10.00 - ден 18.00-ге дейін.

Showroom SINICHKI.STORE

Бірегей аксессуарлар мен сыйлықтардың дүкені. Мұнда сіз эксклюзив ыдыстарды, зергерлік бұйымдарды, әшекейлер мен білезіктерді, эстетикалық шағын картиналарды, сүйкімді ойыншықтарды, блокноттарды және ашық хаттарды, сондай-ақ кез келген талғамға арналған хош иістерді таба аласыз. Дүкен өнімдерінің көбі қолдан жасалған. Ал олардың көп бөлігі дәл Алматыға арналған.

Мекенжайы: Әйтеке би, 53. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 21.00-ге дейін.

Big City Homе

Сыйлықтар мен интерьерлік декор дүкені, онда локалдық брендтер ұсынылған. Көптеген бұйымдар қолдан жасалған және әр бөлшектің безендірілуі ерекше көзге түседі. Мұнда сіз кез келген талғамға сай түпнұсқа сыйлықтар таба аласыз. Алматы туралы естелік болар зат алғыңыз келсе, онда Big City Home дүкенінен Almaty бокалын алыңыз, онда "Таулардың" бөліктері безендірілген, сондай-ақ керамикалық "Апорт" алмалаларын ала аласыз.

Мекенжайы: Құрманғазы көшесі 97

"Әдемі-Ай" кәдесыйлар мен сыйлықтар дүкендер желісі

Ұлттық нақыштағы кәдесый өндірумен және сатумен айналысатын бұл компания 2000 жылы құрылған. Еліміздің әр қаласында компания бөлімшелері жұмыс істейді. Ал Алматыда компанияның жеке ғимараты және нағыз өнер үйі бар. Компания дүкендерінен үстел үсті сәндік бұйымдарынан бастап, ұлттық нақыштағы білезіктерге дейінгі кәдейсыйдың небір түрін табасыз.

Мекенжайы: Шевченко 133Б (Байзақов көшесінің қиылысы).

Empire of Gifts қазақ ұлттық сыйлықтары дүкені

Empire негізінен ұлттық рәміздер бейнеленген бұйым жасайтын компания. Қанатты барыс логотипі бейнеленген сыйлықтар заманауи стильде жасалған. Шой-румда ерекше әдемі дизайндағы сағаттар, бизнес-аксессуарлар, визит карточкалары және қаламдардың түр түрі қойылған.

Мекенжайы: "Нұрлы Тау" бизнес-орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 5/2А, 702 кеңсе.