22 мамыр 2014 20:43

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең дөрекі командалар рейтингінде екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минскіде хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең дөрекі командалар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


Минскіде хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең дөрекі командалар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Дөрекілер тізімінің көшбасында Латвия командасы. Бұл команда турнирдің 7 матчында 147 минут айып уақытын алған. Қазақстан командасы тізім бойынша 119 минут айып уақытымен екінші орында. Үшінші орында турнир иелері беларустар, олар 97 минут айып уақытын алған. Ең сыпайы команда Германияның хоккейшілері олардың еншісіндегі айып уақыты 44 минут. 

Жекелеген ойыншылар  бойынша латвиялық Каспарс Даугавиньш ең тәртіпсіз ойыншы деп танылды, оның айып уақыты 42 минут. Екінші орында тағы бір латвиялық Земгус Гиргенсон мен қазақстандық үздік ойыншы Николай Антропов. (29 минут).  Айып уақытын алған ойыншылардың ондығына екі қазақстандық, қорғаушы Алексей Васильченко (22 минут) және шабуылшы Андрей Спиридонов (16 минут) кіреді. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 16 шайба кіргізіп топта жетінші көрсеткішке ие болды, ал жалпы қатысушылар арасында 16-орында. Қазақстандықтар өз қақпасына 32 шайба жіберіп алды, бұл турнирдегі ең нашар көрсеткіш. Шайбаны дәлдеу бойынша Қазақстан оныншы орында. Олар 165-тен тек 15-ін дәлдей алған. Шайбаны дәлдеуде Ресей, Франция, Беларусь алдыңғы орындарда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети