04 шілде 2014 09:52

Twitter жұбайлар мен ғашықтар арасына от салады деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Сурет REUTERS ақпарат құралынан алынған Сурет REUTERS ақпарат құралынан алынған

"Twitter микроблогын шектен тыс көп қолдану жұбайлар мен ғашықтардың арасында келеңсіздік туындатып, ұрыс-жанжалдың көбеюіне әкеліп соқтырады екен. Мұндай мәлімдемені Cyberpsychology, Behavior, and Social Networking журналына сілтеме жасаған AFP агенттігі жариядады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Миссури университетінің қызметкері Рассел Клайтон 581 Twitter пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысушылар "Twitter микроблогын көп пайдаланасыз ба және соның салдарынан серігіңізбен арада ұрыс-керіс жиі болмай ма?" деген сұраққа жауап берген. Сауалнама нәтижесі Twitter микроблогын қанша көп пайдаланса, серігімен арада ұрыс-керістің сонша көп болатынын көрсеткен.

Осыдан кейін Клайтон "Twitter микроблогын шектен тыс көп қолдану жұбайлар мен ғашықтардың арасында келеңсіздік туындатып, ұрыс-жанжалдың көбеюіне әкеліп соқтырады, сонымен қатар жұптардың бір-бірінің көзіне шөп салуына және ажырасуына себеп болады" деген қортындыға келген.

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісіне жүргізілген зерттеу қортындысы да сондай нәтиже көрсеткен. Клайтонның пайымдауынша, Twitter және Facebook әлеуметтік желісін шектен тыс пайдалану ғашықтық қарым-қатынастардың арасына жік салады. 

Бренда Видерхолд журналының бас редакторы бұдан былай да әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға зерттеу жүргізіліп тұруы керек екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети