02 наурыз 2024 09:33

2 наурызда бірнеше өңірде қар жауып, көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ұлытау облысының шығысында тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түседі . Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың онтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың онтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети