03 шілде 2021 09:25

АҚШ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: ©REUTERS Иллюстрациялық сурет: ©REUTERS

АҚШ Орталық Азияның үш еліне - Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка әскеріне көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сироджиддин Аслов осы аптада тиісті құжаттарға қол қоюы керек.

Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Вашингтон аталған елдердің билігі олардың аумағынан барлау жүргізуге мүмкіндік беруін сұрап отыр. Келісім барлық тарапқа пайдалы екені хабарланды, өйткені "Талибан" радикал қозғалысының содырлары Тәжікстан шекарасына жақындады.

Бүгін тәліптер Тәжікстан маңындағы тарихи резиденцияны басып алғаны белгілі болды.

29 маусымда Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов ауған әскерінің Өзбекстан аумағына енбек болғанын мәлімдеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети