18 шілде 2021 17:33

Тәліптер әлем елдеріне қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: ©REUTERS Иллюстрациялық сурет: ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада әлемнің барлық елімен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада әлемнің барлық елімен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз әлемнің барлық елімен, соның ішінде әскерін шығарғаннан кейін АҚШ-пен өзара іс-қимыл және уағдаластықтар шеңберінде жақсы және берік дипломатиялық, экономикалық және саяси қатынастар орнатуға тырысамыз", - делінген Талибан басшысының мұсылман мерекесі Ид әл-Адха (Құрбан айт) қарсаңындағы жолдауында.

Ахундзада бұл қозғалыс Ауғанстандағы саяси жағдайдың тұрақты болғанын қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынған.

Қазір Ауғанстанның үкіметтік күштері мен "Талибан" радикалды қозғалысының мүшелері арасында текетірес жүріп жатыр. Тәліптер ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасауға көшті.

2020 жылдың 12 қыркүйегінде Қатар астанасында Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" арасында бейбіт келіссөздер басталды.

Бұған дейін АҚШ Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуын сұраған еді.

Қазақстан АҚШ-тың өтініші бойынша ауған босқындарын қабылдай ма? СІМ жауабы

Қазақстандықтар бұл жаңалыққа қарсылығын білдірді. Алайда саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтың айтуынша, АҚШ-тың мәлімдемесіне аса мән берудің қажеті жоқ, себебі бұған қатысты ресми мәлімдеме болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети