19 тамыз 2014 10:51

Ақтауда қоғамдық көліктерге отын жетпей жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы автобус аялдамасы. ©lada.kz Ақтаудағы автобус аялдамасы. ©lada.kz

Ақтауда бағытты автобус иелері мен жүргізушілері көлік отыны тапшылығына байланысты шағымданып отыр, - деп хабарлайды Лада


Ақтауда бағытты автобус иелері мен жүргізушілері көлік отыны тапшылығына байланысты шағымданып отыр, - деп хабарлайды Лада

Қоғамдық көлік иелері май құю бекеттерінде газ тапшы болғандықтан, жұмысқа шықпай қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Кәсіпкерлер бұл мәселе билік өкілдерінің жеке компаниялармен ымыраға келе алмағандығынан туды деп есептейді. "Біз ереуілге шығайын деп тұрған жоқпыз, біз көмек сұраймыз", - дейді көлік саласының өкілдері.

"Біз "ҚазМұнайГаз" талондарын алмақ болып едік, бірақ компания өкілдері талон жоқ екенін айтты. Қалада отын болса, оның өзі литріне 70-80 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Май құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұруға тура келеді, ол қоғамдық көлік жұмысына кедергі келтіреді. Әкімдік автотасымалдаушылар үшін бөлек колонкалар орнатуы керек, біз қала тұрғындарын күттіріп қоймауымыз керек", - дейді бағытты автобус жүргізушілері.

Бұған дейін Маңғыстау облысының май құю бекеттерінде отын тапшылығы байқалып отырғаны хабарланған еді. Ол кезде облыстық кәсіпкерлік басқармасының бастығы Бақыт Ұлықбанов тапшылықты жеке саудагерлер қолдан жасап отыр деп мәлімдеді. Шенеунік мәселенің бір апта ішінде шешілетініне уәде берді.

Тамыз айында Қазақстан отын қауымдастығының басқарма төрағасы Болат Әуетаев май құю бекеттері қожайындарының отын тапшылығы туралы ескерткенін айтты."Қазір жанар-жағармай нарығында мұнай өнімдері тапшылығына байланысты күрделі ахуал қалыптасты. Май құю бекеттерінің кейбірі мұнай өнімдері тапшылығы салдарынан отынды бір қолға беруді шектеуге немесе талондық жүйеге көшуге мәжбүр болды", - деді Әуетаев.

Кейінірек "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясының өкілдері Қазақстанда жаппай көлік отын тапшылығының жоқ екенін айтты. Олардың мәліметінше, 15 тамыздағы мәлімет бойынша АИ-92 жанармайы қорының жеткілікті екенін айтты: Алматы мен Алматы облысында - 20 мың 50 тонна, Батыс Қазақстан облысында - 2 427 тонна, Қостанай облысында - 8 946 тонна.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети