14 қазан 2015 18:32

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жұмыстан кету ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімдігі. © aktobe.gov.kz Ақтөбе облысының әкімдігі. © aktobe.gov.kz

"Нұр Отан" партиясына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға оның жақын туыстарының жетекші қызметтерде жұмыс істейтіні үшін жұмыстан кетуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұр Отан" партиясына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға оның жақын туыстарының жетекші қызметтерде жұмыс істейтіні үшін жұмыстан кетуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес мүшесі Нұрлан Ерімбетов партияның Ақтөбе облыстық филиалының басшысының орынбасары Нұрхан Ақниязовқа облыс әкімі орынбасарының туыстарының өңірде неліктен басқарушы қызметтерде екендігін сұрады.  

"Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрқатова Сара, бар ма? Ол білім беру және әлеуметтік мәселелермен айналысады. Неліктен оның туған баласы облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбасары? Бұған дейін ол жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы қызметінде болыпты. Ал ол жерден кеткенде осы орынға оның қалыңдығы келіпті. Сіздерде облыс әкімінің стипендиясын дарынды балаларға, дарынды жастарға, мүгедектерге үлестіру жөніндегі облыстық жақсы комиссия жұмыс істейді. Нұрқатова қызметі бойынша осы комиссияның төрағасы, ал комиссияның хатшысы оның баласы. Қандай отбасылық бизнес сіздерде? Моральдық тұрғыда, партия тұрғысындағы мәселе қайда қалды? Сіздер бұған партиялық баға бердіңіздер ме? Мен заңгер емеспін, бірақ ар-намыс кодексі деген бар, партияның абыройы деген нәрсе бар!", - деп сауал тастады Ерімбетов. 

Бұған Нұрқат Ақниязов былай деп жауап қатты: "Бұл таңғаларлық мәлімет. Бірақ облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметіне Чаркинді тағайындау туралы дерек бар. Бұл бір ай бұрын болды. Сәйкесінше, бұл дерек бойынша партиялық бағалау болған жоқ (тексеріс - Авт.), себебі Мемлекеттік қызмет агенттігінде конкурс болды. Ал партиялық бағасын біз береміз", - деді Ақниязов. 

"Ал оның әйелі ше? Бұл мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзу ғой!", - деп сұрақ жаудыра бастады Мәжілістің қоғамдық кеңес құрамына кіретін депутаттары.

Ақниязов егер мемлекеттік қызмет туралы заң бұзылса, бұл іспен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айналысуы керек екенін айтып, жауап қатты. 

"Партиялық тергеу жүргізуді ұсынамын. Ал сол әйелдің, облыс әкімінің орынбасарының орнында болсам отставкаға кетер едім", - деп білдірді өз пікірін қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети