04 шілде 2023 09:06

Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде Полиция департаменті қызметкерлері "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мал базары маңындағы Богословка тасжолында 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген Ваз 2110 көлігін тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болды.

"Жүксалғыштағы қаптан 31 дана ақбөкеннің мүйізі табылды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйіздері қайдан алынғаны анықталатыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети