17 сәуір 2024 09:24

Алматыда 9 миллиард теңге болатын нысан құрылысы кезінде заңбұзушылықтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу бойынша жұмыстар құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 миллион теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу бойынша жұмыстар құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 миллион теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 миллиард теңге болатын жобаны іске асырып жатыр.

"Бұл қаражатты жобалаушы "ҚазақСантехпроект" ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып алу шығындарының құнын арттыру жолымен ұрлау үшін алғышарттар жасаған.

Мониторинг нәтижесінде топырақты тасымалдау арақашықтығы жобада көзделгеннен 30 шақырым жақын екендігі анықталды. Бұдан басқа, қолданылатын құрылыс материалының көлемі 1,5 мың тоннаға артық жобаланған", - делінген хабарламада.

Бағаны асыра көрсету дерегі анықталған кезде нысанның дайындығы 93 пайыз болған, яғни 9,1 миллиард теңгенің 8,4 миллиард теңгесі игерілген.

"Осыған байланысты, ҚМА бастамасы бойынша Алматы әкімдігі "СапаҚұрылыс 2007" ЖШС бас мердігеріне жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 миллион теңгеге ұлғайтты (қосымша 500 абонент қосу, құдықтар орнату және т.б.)".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети