15 ақпан 2023 16:12

Алматыда Әл-Фараби даңғылы марафонға байланысты жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 ақпанда Алматыда Әл-Фараби даңғылы Winter Run 2023 үшін жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


19 ақпанда Алматыда Әл-Фараби даңғылы Winter Run 2023 үшін жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы марафонын" ұйымдастырушылар 19 ақпанда таңғы сағат 4-тен 12-ге дейін Winter Run 2023 бағыты бойынша көлік қозғалысы жартылай жабылатынын хабарлады.

Жүгіру "Нұрлы-Тау" бизнес орталығынан басталады. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, одан "Нұрлы-Тауға" кері қайтады.

Әл-Фараби даңғылы учаскелері әртүрлі уақытта жабылады:

  • Назарбаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыстың солтүстік жағы – сағат 4-тен сағат 12-ге дейін;
  • Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейін – сағат 7:40-тан 11-ге дейін;
  • Esentai Mall-дан Гагаринге дейін – сағат 8:30-дан 10:40-қа дейін.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы Меңдіқұлов тұсынан өтетін туннельге кіру 4:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы ашық әрі көлік қозғалысы еркін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети