12 қыркүйек 2022 16:13

Алматыда бет-әлпетті тану жүйесі енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматының бейнебақылау жүйелеріне бетті тану функциясы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының бейнебақылау жүйелеріне бетті тану функциясы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 және 2030 жылдарға дейінгі бағдарламасында" әлеуметтік нысандарға 7 мыңға дейін бейнебақылау камерасын орнату көзделген. Бұл жұмыс келушілер мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

"Жауапты және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап бейне талдау және бет-әлпетті тану функциясы барлық бейнебақылау жүйелеріне біріктіріледі.

2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі террористік тұрғыдан осал нысандардың бәріне және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аулаларына камералар орнату арқылы кеңейтіледі. Бейнесурет Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында көрсетіледі. Бұл түтінді, өртті, қараусыз қалған нысандарды тану сияқты ықтимал қауіптердің бар-жоғын қадағалауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети