24 маусым 2017 15:16

Алматыда көршісінен соққы көрген баланың ата-анасы әйелді кешірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық әйелден соққы көрген Женяның ата-анасы көршісін кешіріп, онымен соттаспайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Дмитрий Васько есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол әйелдің баланың отбасына және қазақстандықтарға жолдаған видеоүндеуін жариялады. Айта кетейік, Дмитрий Васько осы отбасының танысы болып келеді. Сол видеоны да бірінші болып Дмитрий Васько жүктеген еді.

"Олар сотқа дейін татуласты. Дұрыс шешім қабылданды. Бұл отбасылар әлі бірге көрші болып тұрады ғой. Женяның отбасына да мұндай шешім қабылдау оңайға тиген жоқ. Бірақ тек мықты әрі мейірімді адамдар ғана кешіре алады", - деп жазған Facebook қолданушысы Дмитрий Васько.

Блогер Жанна Ахметова да отбасының татуласқанын айтты.

"Осы уақыт бойы мен баланың отбасымен байланысты болдым. Баланы ұрған әйелмен де байланыста болдым. Келіссөздер, заңгерлермен кеңес, жоғары қызметтегі шенеуніктер. Бұл күндер екі отбасы үшін де ауыр болды... Міне, қасиетті Рамазан айы да аяқталып қалды. Осындай қасиетті күндердің бірінде Женяның отбасы көрші әйелді кешірді. Анасы да, Женяның өзі де кешірді: "Оны аяймын" деп айтты.

Еске сала кетейік, оқиғаның видеосы жақында Желіде пайда болған еді. Ролик авторының айтуынша, балалар бастапқыда төбелесіп қалған. Осыдан кейін біреуінің шешесі жанжалға араласқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети