24 қазан 2016 15:32

Алматыда шорт-тректен Қазақстан кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

21-23 қазан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында шорт-тректен ҚР кубогының екінші кезеңі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


21-23 қазан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында шорт-тректен ҚР кубогының екінші кезеңі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сайыстың бірінші күнінде шорт-трекшілер 1500 метр қашықтықта жарысты. Әйелдер арасында Атырау қаласынан келген Ким Йонг А жеңімпаз атанса, екінші болып қостанайлық Анастасия Крестова келді, тағы бір атыраулық конькиші Ольга Тихонова қола жүлдені қанағат тұтты.

Ерлер арасындағы 1500 метр қашықтықта Қостанай тумасы Еркебұлан Шамұханов үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар мінберінен екінші орында Атырау спортшысы Мерсаид Жақсыбаев көрінсе, Қостанай спортшысы Қуандық Сүлейменов қола жүлдегері атанды.

Сайыстың екінші күнінде шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта жарысты. Әйелдер арасында Ким Йонг А жеңімпаз атанса, екінші болып қостанайлық Анастасия Крестова келді. Ал Батыс Қазақстан обылысынан келген Анита Нагай қола жүлдені қанағат тұтты.

Ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта Атырау тумасы Мерсаид Жақсыбаев үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар мінберінен екінші орында Батыс Қазақстан спортшысы Әділ Ғалиахметов көрінсе, Атырау облысы спортшысы Евгений Ребик қола жүлдегері атанды.

КубоктЫң үшінші күнінде шорт-трекшілер 1000 метр қашықтықта жарысты. Әйелдер арасында Ким Йонг А жеңімпаз атанса, екінші болып қостанайлық Анастасия Крестова келді. Астаналық конькиші Мадина Жанбосынова қола жүлдені қанағат тұтты.

Ерлер арасындағы 1000 метр қашықтықта Еркебұлан Шамұханов үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар мінберінен екінші орында Қуандық Сүлейменов көрінсе, Әділ Ғалиахметов қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 3000 метрге және ерлер арасында 5000 метрге эстафеталық жарыстың финалы өтті. Әйелдер арасындағы эстафетада Қостанай конькишілеріне жететін команда болмады. Ал Батыс Қазақстан спортшылары екінші орынды алса, астаналық конькишілер үшінші орынмен шектелді.

Ерлер арасындағы 5000 метр қашықтыққа ұйымдастырылған эстафетасында алтын медальді Батыс Қазақстан облысының спортшылары иемденді. Қостанай конькишілері күміске ие болса, ел орталығынан келген шорт-трек шеберлері үшінші орынды қанағат тұтты.

Шорт-тректен ҚР бас бапкері Мадығали Қарсыбековтың айтуынша, жарыстың арқасында Универсиада алдында кейбір спортшылардың әлеуетін байқауға мүмкіндік болды дейді.

"Шорт-тректен Қазақстан кубогының екінші кезеңі Универсиада алдындағы тестілік сайыс болып есептелді. Біз 2017 жылы Алматыда өтетін студенттер ойындарына қатысуы мүмкін спортшылардың қарым-қабілетін байқап көрдік",- деді Қарсыбеков.

Айта кету керек, аталған жарыс арқылы Универсиада Дирекциясының барлық қызметтері мен бағыттарын сынақтан өткізіп тексеруге мүмкіндік туды. Мәселен: аккредитация қызметі, қауыпсіздік қызметі, тасу қызметі, мәдени-көпшілік секторы, қарсы алу және шығарып салу қызметі, тамақтандыру және орналастыру қызметі. Еріктілер секторын сынақтан өткізу үшін, шорт-трек жарысына 70 ерікті қатысты.

Шорт-трек спорты негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. Шорт-трек Универсиада-2017 жарыстарының негізгі бағдарламасына кіретін спорт түрі.

Шорт-тректен ҚР Кубогын өткізудің басты мақсаты бұл - аталмыш спорт түрін көпшілікке дәріптеу, тарату және аймақтық балаларға арналған спорт мектептерінде дамыту. Шорт-тректен ҚР Кубогінің Екінші кезеңі - бұл отандық конькишілер ортасындағы маңызды оқиға. Жас және келешегі бар жеңімпаз конкишілер 2017 жылы өтетін Универсиадада өз бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады. Кубоктің Екінші кезеңінде Қазақстанның сегіз аймағынан келген 8 топ жарысқа түседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети