27 мамыр 2020 18:55

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицейдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы блокбекетіндегі жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы белгілі болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы блокбекетіндегі жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы белгілі болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды.

BMW автокөлігінің блокбекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

"Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды. ІІМ басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапқан болатын. Оқиға 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да болған. Кейін жол апатынан соң үшінші полицейдің жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. 

Осы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кеткен болатын. 

Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети