02 сәуір 2024 14:03

Алматыдағы мектепте бас есепші мен директордың орынбасары 11 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.


Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

"2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелгне. Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети