01 ақпан 2022 14:13

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мұратұлы. Фото: instagram.com/miir_rk Асқар Мұратұлы. Фото: instagram.com/miir_rk

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар! Бүгін менің "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар әріптестерім мен сіздердің әлеуметтік желі мен ақпарат саласындағы қолдауларыңыздың арқасы", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін екі жыл Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998-2002 жылдары көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман, кейін автомобиль жолдары комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылы Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Зеренді ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети