12 қараша 2023 17:31

Астана соты "Қазарнаулыэкспорт" басшысын қамауға алуға санкция берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ok.ru/arman.ramazanov ok.ru/arman.ramazanov

"Қазарнаулыэкспорт" РМК басшысы Арман Рамазановты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстағанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети