11 қаңтар 2024 10:14

Астанадағы LRT тіректері маңындағы жол қозғалысы ережелері өзгеруі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада LRT тіректері аймағына кіруді шектеу, сондай-ақ кейбір учаскелерде кері бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы елордалық департаменттің әкімшілік полиция басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Астанада LRT тіректері аймағына кіруді шектеу, сондай-ақ кейбір учаскелерде кері бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы елордалық департаменттің әкімшілік полиция басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Астаналықтар қалада салынып жатқан LRT тіректері астында жол қозғалысы ережелерінің жоқтығына шағымданды. Бағаналардың тұрғанына көп болды, кейбір жерлерде қоршаулар алып тасталған, енді астаналықтар бағаналар астындағы және араларындағы жол кеңістігенде өз қалауы бойынша жүріп жүргені айталған. Кейбір учаске автотұраққа айналған, ал басқа жерлер кері бұрылу үшін пайдаланылады.

Бұл ретте азаматтардың мұндай әрекеті жол қозғалысы ережелерін бұзады ма және бұл үшін оларға айыппұл салынуы мүмкін бе, белгісіз. Tengri Auto тілшісі мән-жайды түсіну үшін Полиция департаменті бөліміне хабарласты.

Басқарма мәліметінше, Астана LRT жобасы бойынша жұмыстардың аяқталмауына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша схема бойынша жол белгілері орнатылған. Әңгіме "Кедергіні айналып өту", "Жол жұмыстары", "Максимал жылдамдықты шектеу" ақпараттық-көрсеткіштік белгілері туралы.

"Жоба шеңберінде тиісті жол белгілерін ("Кедергіні айналып өту") орната отырып, әрбір тіректің периметрі бойынша бордюр тастардан, төсеніштерден және көрінетін қоршаулардан жасалған LRT тіректер аймағынан жүру бөліктерін ажырату көзделген.

Сонымен қатар, ұлттық стандартта көзделген тәртіппен тіректерді тік жол белгілерімен белгілеу бойынша ұсыныстар енгіздік. Бұл шаралар LRT тіректерін айналып өтуге рұқсат етілген қозғалыс бағыттарын қамтамасыз ете отырып, жүргізушілерді бағдарлауға мүмкіндік береді. Тірек аймағына кіру шектеледі", - делінген Tengri Auto редакциясының ресми сұрауына жауапта.

Сондай-ақ, полицейлер LRT тіректері бар көшелерде жүру тәртібін реттеу үшін тоқтауға және олардың қиылысына тыйым салатын үздіксіз жол белгілеу желілері қарастырылғанын хабарлады. Осылайша, осы учаскелерде бұрылуға да тыйым салынады.

"Аталған көше учаскелерінде жол қозғалысын ұйымдастыру жол қозғалысының қауіпсіз жағдайларын көздейтін бекітілген жобаға сәйкес, оның ішінде жолдардың жүріс бөлігінің ортасында LRT тіректерінің орналасуын ескере отырып қабылданады", - деп толықтырды басқарма.

Дегенмен, жаңа шектеулерді енгізу уақыты әлі жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети