18 қазан 2018 13:13

Атырауда Бергей Рысқалиев ісі бойынша сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рысқалиев. Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бергей Рысқалиев ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот алдына 8 адам келді.


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бергей Рысқалиев ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот алдына 8 адам келді.

Олардың қатарында: ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев, "KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICES" ЖШС директоры Рүстем Албақасов, жұмыссыз Мұрат Желдібаев, "Атырау Гранд Строй" ЖШС директоры Нұрлан Жұлмағамбетов, "BNB Construction" пен "АқтөбеHouse Construction" ЖШС негізін қалаушы Айбат Сүлейменов, "BNB Construction" ЖШС директоры Бауыржан Теміралин.

Сотталушылар Қылмыстық кодексінің (1997 жылдың 16 шілдесіндегі редакция ) 176-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету"), 192 бабының 1-бөлігі ("Жалған кәсіпкерлік"), 235-бабының 1-бөлігі ("Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу"), 307-бабы ("Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану"), 311-бабы ("Пара алу") және 325-бабы (" Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") бойынша сот алдына келіп отыр.

Айыптау актісіне сәйкес, Бергей Рысқалиев өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдаланып отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында қылмыстық топ құрған. Мемлекетке келтірілген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады.

Еске сала кетейік, осы іс бойынша сот отырысы 2014 жылдың қаңтарында басталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети