23 тамыз 2021 12:26

Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ Алматыға келді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді. Бортта 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді. Бортта 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді", - деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 18 тамызда UNAMA қызметкерлері бар алғашқы борт Алматы әуежайына қонғаны хабарланған болатын. Келген қызметкерлер халықаралық дипломат, БҰҰ паспорты мен иммунитеті иегері.   

Қызметкерлердің тұруы, кеңсе мен үй-жайларын жалға алуы және т.б. барлық шығын толығымен БҰҰ-ның бюджетінен қаржыландырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети