31 шілде 2014 15:20

Бақтияр Артаевқа қатысы бар қылмыстық іс тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған оқиға жөніндегі қылмыстық іс тоқтатылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты спортшының адвокаты Жарқынбек Жұмыров хабарлады.


Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған оқиға жөніндегі қылмыстық іс тоқтатылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты спортшының адвокаты Жарқынбек Жұмыров хабарлады.

"Қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды", - деп жауап берді адвокат. Әлеуметтік желілерде Instagram қолданушыларының бірінің фотосуреті жарияланды. Онда Бақтиярдың әуежайда отырғаны түсірілген. Фотоның астына істің шешілгені және Артаевтың Лондонға оқуға кетіп бара жатқаны туралы жазылған. Астана қалалық ішкі істер департаменті әзірше бұл жөнінде түсінік берген жоқ.

Еске сала кетейік, Бақтияр Артаев Астана полициясы қозғаған қылмыстық істің фигуранты атанған болатын. Астана қалалық ішкі істер департаментіне қала тұрғыны Айсұлу Ыбрашева шағым түсіріп, 29 маусымға қараған түні Артаевтың мұны бетінен ұрғанын айтқан. Оқиға болған көңіл көтеру орнының күзетшілері қыздың айтқандарын жоққа шығарды. Олар Артаевтың қызды ұрғанын көрмеген.

Артаевтың өзі қарсы мәлімдеме жасап, Айсұлудың мұны ішінен тепкенін айтты. "Би алаңында досыммен бірге тар жолмен өтіп бара жатқанмын, кейін айқай естідім де артқа бұрылдым. Кімнің айқайлағанын түсінбедім. Қарасам, досым қызды ұстап тұр, ол айқайлап, біреуді ұрғысы келіп жатыр. Ол мені таныды. Досым қызды сабырға шақырды. Ол қызды босатқан кезде, қыз келіп, мені ішімнен бір тепті. Мен ол туралы айтқым келмеген, бірақ қазір сараптамадан өттім, көзімнің астына дақ түскен", - деген болатын Артаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети