11 қыркүйек 2023 15:05

"Балаларды қорқытып, үркітеді": Қарағанды облысында мұғалімнің даулы мәлімдемесінен кейін жаңа видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

t.me/qumash_kz видео кадрлары t.me/qumash_kz видео кадрлары

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы мұғалімнің даулы мәлімдемесіне байланысты жаңа видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы мұғалімнің даулы мәлімдемесіне байланысты жаңа видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қыркүйекте әлеуметтік желіде Қарағанды облысының тарих пәнінің мұғалімі Игорь Жариковтың видеосы тарады. Оқытушы №5 мектептің 11-сынып оқушыларына жыл бойы "Патриотизм және жаһандық құзыреттілік" пәні оқытылмағанын айтқан болатын. Мұғалімнің сөзінше, мектеп оқушылары бұл пәнді оқығаны туралы айтуға мәжбүр болған.

Облыстың білім басқармасы өкілдері видео пайда болғаннан кейін прокуратура органдары бұл дерек туралы бұрыннан білетінін айтты.

11 қыркүйекте Telegram-арнада №5 мектептің сынып жетекшісінің жаңа жазба пайда болды.

Қарағанды білім басқармасы өкілі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қарағанды қаласының білім бөлімі №5 мектептегі жағдай арнайы құрылған комиссия жұмысы аясында зерттеліп жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар, сынып жетекшінің педагогикалық этиканы бұзғаны үшін іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети