16 наурыз 2023 11:23

Бәрі тыныш өтеді - ІІМ басшысы 19 наурыздағы қауіпсіздік туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 19 наурыздағы қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 19 наурыздағы қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдай тұрақты болады, себебі түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Әрине, күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіп жатқанымызды білесіздер, сондықтан бұл күндері де адамдар дауыс беруге баруы үшін қауіпсіздікке бар күш-жігер жұмсалады. Сондықтан, барлық сайлау учаскелері күзетіліп, патрульдер қоғамдық тәртіп пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз бәрі ойдағыдай өтеді деп болжап отырмыз, ешқандай аладын ала себеп жоқ", - деді Марат Ахметжанов Сенат кулуарында.

Ол елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдеттегі күнделікті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңсыз әрекеттер болса, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады, деп қосты ІІМ басшысы.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети