26 қыркүйек 2014 15:04

Бердібек Сапарбаев: Әріптестерімнен қалысқым келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев. ©oskemen.info Бердібек Сапарбаев. ©oskemen.info

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ басшыларының ай сайынғы рейтингі жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ басшыларының ай сайынғы рейтингі жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рейтингтің жүргізілуімен келісемін. Бірақ ол белгілі бір өлшемдерге негізделуі тиіс. Басты меже статистикалық мәліметтер, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің арақатынасы болуы керек деп есептеймін. Екіншісі - өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, облыс тұрғындарының әл-ауқаты. Сонда ғана бұл мейлінше дұрыс рейтинг болады. Кейде кейбір агенттіктер "шара өткізіп, біреулермен кездестік, ол сонда 3,5-орында болды" деп жатады. Негіз болуы керек. Сонда ғана халыққа біреудің не себепті бірінші орында, екінші біреудің не себепті соңғы орында екені түсінікті болады", - деді Сапарбаев өзінің әкімдер рейтингінде Астана мен Алматы басшыларынан кейінгі үшінші орында болуына қалай қарайтыны туралы сұраққа жауап беріп.

Дегенмен ол рейтинг әкімдерді ынталандыратынын айтты. "Әрине, рейтинг бізді сүйрелейді, біз қарап тұрамыз. Мен де адаммын ғой, әкім ретінде менің де абыройым бар. Менің де өзге облыстардағы әріптестерімнен қалғым келмейді. Сондықтан тырысамын. Егер кейбір нәрселерге көңіл аудармай қалсам, бұл жағынан рейтинг көмектеседі", - деді Шығыс Қазақстан облысының басшысы.

Сапарбаев рейтингті ай сайын емес, жылына екі рет өткізу керектігін айтты. "Мен рейтинг ай қорытындысы бойынша жасалған кезде түсінбеймін. Ай деген не болады? Кем дегенде жарты жыл қажет. Міне, сонда ғана, рейтинг жылына екі рет өткізілсе ғана дұрыс болады. Жарты жылдың, жылдың қорытындыы шықса, сонда ғана мейлінше шынайы мәліметтер болады", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети