17 сәуір 2024 11:41

Бишімбаев ісі: сот ресейлік мамандар қорытындысын тіркеуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Бүгін судья Айжан Кулбаева Бишімбаевтың адвокаттары тартқан ресейлік мамандар қорытындысын іс материалдарына енгізу туралы өтініш бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Бүгін судья Айжан Кулбаева Бишімбаевтың адвокаттары тартқан ресейлік мамандар қорытындысын іс материалдарына енгізу туралы өтініш бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова түскі үзілісті қосқанда екі сағатқа жуық уақыт ресейлік сарапшылардың қорытындысын оқыды. Қорытындыда, маман сұрақтарға жауап бере отырып, Салтанат Нүкенова өлімінен 3-4 апта бұрын алған субдуральды гематоманың жарылуы және одан кейін миына қан құйылу салдарынан қаза болуы мүмкін екенін айтады. Бұл ретте гематоманың жарылуы, мамандар пікірінше, күшті физикалық әсерсіз де болуы мүмкін. Сонымен қатар, марқұмда, сарапшылардың пікірінше, инерциялық жарақат, яғни басынан итеру немесе соққыдан құлау белгілері жоқ.

Сағат 15:40-та айыптаушы тараптың аталған қорытындыны дәлелдеме ретінде жол берілмейтінін тану туралы өтініші бойынша мәселені шешу үшін сот кеңесу бөлмесіне шықты.

Бүгін осы өтініш бойынша шешім шығарған судья Айжан Кулбаева "мамандар Нүкенованың мәйітін зерттемей, сот-медициналық сараптаманың сканерленген қорытындысын зерделеу негізінде оның өлімінің себебін іс жүзінде өз бетінше анықтады, бұл рұқсат етілмейді" деп мәлімдеді.

"Жоғарыда аталғандар негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 341 және 344-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қоғаушы Рамазанованың сараптама қорытындысын және оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы қанағаттандырылды. Сарапшының 2024 жылғы 7 наурыздағы нөмірі жоқ қорытындысы жол берілмейтін дәлелдеме деп танылып, дәлелдемелер тізімінен шығарылсын", - деп хабарлады судья Айжан Кулбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети