02 наурыз 2023 09:21

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр баспана келетінін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.


Сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр баспана келетінін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бір азаматына 23,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Мұндай деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.

Тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіші Астанада - бір адамға 30,5 шаршы метр. Екінші орын алматылықтарға тиесілі - 29,1 шаршы метр. Әрбір тұрғынға орта есеппен 28,4 шаршы метр баспана берілген Маңғыстау облысы үздік үштікті түйіндеп тұр.

Келесілер:

Шымкент қаласы - 27,4 шаршы метр;
ШҚО - 26,5 шаршы метр;
Ақмола облысы - 26,1 шаршы метр;
Атырау облысы - 26 шаршы метр.

Сонымен қатар, қалаларда қамтамасыз ету деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары: бір қала тұрғынына шаққандағы тұрғын үй алаңының жалпы ауданы 25,8 шаршы метрді, ауылдық жерлерде - 19,8 шаршы метр.

Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысының ауыл тұрғындары арасында - орташа есеппен 15,8 шаршы метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети