13 мамыр 2014 19:56

Бурабай мен Түркиядағы шипажайлардың бағасы салыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Индустрия министрлігі Бурабай мен Түркиядағы шипажайлардың бағасындағы айырмашылықтарға қатысты пікір білдірді. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев  Бурабайдағы қонақүйлердің құны неге шетелдік шипажайлармен бірдей деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Индустрия министрлігі Бурабай мен Түркиядағы шипажайлардың бағасындағы айырмашылықтарға қатысты пікір білдірді. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев  Бурабайдағы қонақүйлердің құны неге шетелдік шипажайлармен бірдей деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандықтар демалыс маусымына қарсы әлеуметтік желілерде Түркия мен Бурабай шипажайларында демалу бағаларының кестесін жариялай бастады. Егер қазақстандық азаматқа өз еліндегі Бурабайда 10 күндік демалысын өткізуге 350 мың теңге қажет болса, оған шетелдік жағажайларда 10 күн демалуға 225 мың теңге жетіп жатыр. 

Орталық коммуникациялар брифингінде Сауранбаев Tengrinews.kz. тілшісінің сұрағына жауап беру барсында осы бір келеңсіз жағдай туралы білетінін жеткізді. "Бүгінде Бурабайдағы қонақ үйлер бағасының қымбат болуы өте үлкен мәселе. Өйткені Бурабайда демалыс маусымы тек бірнеше ай ғана. Бурабайдағы шипажайларды тек жазда ғана емес, жыл бойы жұмыс істейтіндей ету керек. Сонда ғана бұл мәселе шешімін табады. Қазіргі таңда біз осы мәселені үкіметтің алдына қойып, шешімін табуға тырысып жатырмыз. Бүгінде осы өңірдің инфрақұрылымы мемлекет қаржысына жөнделіп жатыр. Бурабай шипажайын жыл бойы қызмет көрсететіндей демалыс орнына айналдыру мәселесі бір жылда шешілмейді. Біраз уақыт керек, 2020 жылға дейін көздеген мақсатымызды жүзеге асырамыз деп ойлаймын" - деді вице-министр. Оның айтуынша, соңғы жылдары Түркияда да демалу аса арзан емес.

Сондай-ақ Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Роза Асанбаева былай дейді: "Мен жақында Америкада туризмді дамытуға байланысты өткен жиынға қатыстым. Сонда мен біздің еліміздегі шипажайлар бағасына қатысты мәселені көтерген едім, маған ондағылар: егер сұраныс болса, баға да өседі" деп жауап берді. Менің айтпағым, қай елде болсын демалыс маусымында шипажайлар мен қонақүйлер, жалпы демалыс орындарының бағасы көтеріліп кетеді. Сондықтан шипажайларды барлық маусымда жұмыс істейтіндей жасау аса маңызды". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети