18 қараша 2021 17:55

Дәрігерлер ревакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарыла ма?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Дәрігерлер ревакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыстан шеттетіле ме? Бұл сұраққа Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында жауап беруге тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист дәрігерлер ревакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыстан шеттетіле ме деген сұрақ қойды. Алайда бұл сұраққа ешкім нақты жауап бере алмады.

"Шынында да, бұл сұраққа қазір жауап беру қиын. Әр адам өз денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ, көмекке келген науқастардың денсаулығына қауіп төндіреді. Негізі, олар екпе алуы тиіс, бұл - менің пікірім", - деп мәлімдеді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де жауап берді.

"Екпе алмаған медицина қызметкерлері ауруханада әлсіреген науқастарға қауіп төндіреді, бұл аурухана ішінде коронавирустың өршуіне әкелуі мүмкін. Міндет - ауруханадағы науқастардың денсаулығын қамтамасыз ету, сондықтан оларды сау медицина қызметкерлері тексеруі керек. Қызмет көрсетумен айналысатындар екпе алмаса, медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, аурудан кейінгі мерзім сақталмаса, шеттетіледі", - деді Жандарбек Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети