16 ақпан 2023 16:37

Депутат "ҚазАвтоЖол" 8 миллиард теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Андрей Лукин "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 8 миллиард теңгеден аса сомаға заңсыз келісімшарт жасасқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Андрей Лукин "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 8 миллиард теңгеден аса сомаға заңсыз келісімшарт жасасқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүйелік бұзушылықтар жойылған жоқ. Кейбір мердігер ұйымдарға қатысты конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар белгілі бір артықшылықтар сақталады. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" ҚР Заңының 4-бабын бұза отырып, "ҚазАвтоЖол" бір көзден алу тәсілімен жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқан. Бұл туралы 15 ақпанда Бас прокуратураға хабарланған.", - деді депутат Андрей Лукин.

Андрей Лукин тоғыз сатып алу бойынша техникалық шарттарда ереже талаптарына қайшы, әлеуетті өнім берушілерге құны 26 миллиард теңгеден асатын жұмыстардың тендерлеріне қатысуға мүмкіндік бермейтін заңсыз шарттар анықталғанын баса айтты.

"Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметіне ведомстволық бақылауды күшейтуді, мердігерлерден айыппұлдарды өндіріп алу, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасалған және шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде бұзуға жол берген мердігерлермен шарттарды бұзу, сондай-ақ тиімді технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені ескере отырып, жолдарды сапалы салу және жөндеу үшін ұйымдық-құқықтық шаралар қабылдауды ұсынамын", - деді сенатор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети