09 сәуір 2014 13:06

Депутаттар оқушылар мен студенттерді есірткі сынағынан өткізуді тағы ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

"Ақ жол" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы Премьер-министрге жоғарғы сынып оқушыларын, студенттер мен әскерге шақырылушыларды есірткі сынағынан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақ жол" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы Премьер-министрге жоғарғы сынып оқушыларын, студенттер мен әскерге шақырылушыларды есірткі сынағынан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясы Кәрім Мәсімовтен нашақорлықты азайту, есірткі бизнесімен күресті күшейту және есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатайту жөнінде қосымша шаралар қабылдауды сұрайды. Біз әскерге шақырылушылардың медициналық тексерістен өтуі кезінде, студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларының медициналық анықтама алуы кезінде олардың ағзаларында есірткі заты бар-жоғын анықтайтын пилоттық тесттер енгізуді ұсынамыз", - деді депутат Талғат Ерғалиев Үкімет басшысының атына жазылған сауалды оқып.

Ол республикада нашақорлық пен есірткі бизнесінің кең етек алуы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен оның келешек дамуына үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтты. Депутат елімізде нашақорлардың қатары 50 мыңға жуықтайды деген Бас прокуратураның мәліметтерін алға тартты. Дегенмен бұл цифр нақты емес, өйткені әрбір үшінші нашақор есепке тұрудан қашады, мұны, депутаттың айтуынша, Бас прокуратураның өзі растайды. 

Ерғалиевтің мәліметінше, 2001 жылы-ақ Денсаулық сақтау министрлігі елімізде нашақорлардың шынайы саны 250 мың адамнан асатынын жариялаған болатын. Ал кейбір ғылыми ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, олардың саны бұдан да көп - 500 мың адам.

Ерғалиев басқа да статистикалық мәліметтер келтірді - 2013 жылы есірткі заттарының, психотропты немесе улы заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар саны 4200-ге жеткен, оның жартысынан астамын жастар жасаған. Депутаттың айтуынша, есірткінің дәмін алғаш татып көретіндер "жасарып" барады.

"Мемлекет пен қоғам жастар арасында есірткі қолданушыларға төзімді қатынасты үгіттеп отырған есірткі бизнесі мен есірткі лоббиінің күші мен қыруар қаржысын, басқа да мүмкіндіктерін дұрыс бағамдамай отыр", - дейді Ерғалиев.

Депутат нашақорлықпен күрес саласындағы шаралардың тиімсіз екенін айғақтайтын тағы бір дерек келтірді - 2014 жылы бұл мақсатқа республикалық қазынадан 142 млн 500 мың теңге қарастырылған, оның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігіне 14 млн 400 мың теңге бөлінеді.

Еске салайық, жылдың басында мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен оқушыларды есірткі сынағынан өткізу керектігін ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеген болатын. Министр Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, елімізде нашақорларды емдеу мен сауықтыру жүйесі тиімсіз әрі дамымай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети