25 қаңтар 2018 12:14

Елорда тұрғындарына көмір жеткізіліп, ыстық тағамдар таратылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Астана - мейірімді қала" жалпықалалық акциясының аясында елорда мешіттері халықтың осал топтарына көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшіс Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Астана - мейірімді қала" жалпықалалық акциясының аясында елорда мешіттері халықтың осал топтарына көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшіс Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы мешіттерінің бастамасымен азаматтар жұмылып, аялдамаларда қоғамдық көліктерді күтіп қалған қала тұрғындарын тиісті мекен-жайларына тегін жеткізіп, жол тазалайтын жұмысшылар мен құрылысшыларға ыстық тамақты тегін тарату шараларын өткізіп жатыр. Сондай-ақ, науқанның аясында үйін жылыта алмай отырған әр отбасы қатты отынмен қамтылуда. Акцияның соңына дейін көмекке мұқтаж 25 отбасына көмір жеткізілетін болады. 

"Аязды күндері тұрғындарға барынша жәрдемдесу, көмекке мұқтаж кісілерге, жанұяларға қол ұшын созу - акциямыздың басты мақсаты. Оның аясында кеше жағдайы төмен 4 отбасына көмір жеткізілді. Әр отбасының ауласына қатты отынның 1,5 тоннасын түсірдік. Аптаның соңына қарай отынның мөлшерін 2 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап, 25 отбасына көмір жеткізіледі деп күтілуде", - деп мәлімдеді "Нұр Астана" мешітінің ұстазы Ілияс Отаров. 

Оның мәліметінше, "Астана - мейірімді қала" акциясының екі күнінде 400 адамға тегін ыстық тамақ таратылып берілген. Олардың арасында аялдамаларда көлікті күтіп қалған азаматтар, жолдарды қардан, мұздан тазартатын жұмыскерлер мен құрылысшылар бар.

Сонымен қатар, акция шеңберінде арнайы логотиптері бар көліктер аялдамаларда қоғамдық автобустарды күтіп тұрған азаматтарды тиісті мекен-жайларына тегін жеткізеді. Ілияс Отаровтың айтуынша, акция туралы әлеуметтік желілерден білген тұрғындар ықылас танытып, белсенді түрде оған өз үлестерін қосып жатыр.

"Акцияның басында 20 көлік болса, бүгін біздің қатарымызда 50 шақты жүргізуші бар. Олардың көліктеріне өзіміздің арнайы логотипімізді жабыстырып, біздің таксидің шарттарын қолдарына ұстатып, көліктерді жіберіп жатырмыз. Машинасы жоқ кісілердің, таңертең көлігі от алмай жатқан адамдарды таксилерге отырғызып, қызмет үшін өз ақшасын төлеген жағдайлар да кездеседі. Күннің суығына қарамастан қалалықтардың жан жылуын, жүрегінің кеңдігін, мейірімділігін көрсетіп жатқан жайы бізді қуантады", - деп түйіндеді сөзін ол.

"Астана - мейірімді қала" акциясы аяз күші бәсеңдегенге дейін жалғасын табады.

Еске салайық, таяуда таксистер Астана тұрғындарын тегін тасымалдайтыны хабарланған еді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети